ВКонтакте әлеуметтік желісін қолданушылардың бірі, ажырасқан әйел қазіргі кездегі өзекті тақырыптардың бірі әйел мен ер адам арасындағы қарым-қатынас жайлы мәселе көтере келіп, «нағыз еркектер жоқ» деген қорытынды жасаған.
Бұл туралы «Қамшы» ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Әйел өзінің тәжірибесі жүзінде ер адамдардың бұзылып бара жатқандығын сөз еткен. Өзінің 23 жастағы танысын сипаттай келе оның компьютер ойындарына тәуелділігін, скейтбордта сырғанайтынын, бір сөзбен айтқанды қызығушылығының салмақсыздығын айта келіп, барлық азаматтардың бірдей екендігін айтқан.
«Ажырасқан, екі баласы бар мен үшін мұндай өмір сүру қалпы түсініксіз әрі сорақы» дейді ол өз жазбасында.
Ер адамдардан көңілі қалған бұл әйелдің жазбасы желіде кең таралып, түрлі-түрлі пікірлер жинаған. Оның ішінде теріс пікірлер мен кінәлау мағынасындағы пікірлер де аз емес.
«Қазіргі заман жігіттеріне сұрақ: Қайдасыздар? Қайдасыздар нағыз жігіттер?» дейді ол өзінің жазбасында.
«Неліктен сіздер үшін баласы бар әйел қоғамның керексіз, қажетсіз бөлігі?» деп қапаланады әйел.
Жазбаны оқыған көпшілік жігіттер жағына шығып, әйелдің өзіне кінә таққан.
Оставить комментарий