Париждің ойын-сауық жәрмеңкесінде жантүршігерлік жағдай видеоға түсіп қалды

/uploads/thumbnail/20170710014940141_small.jpg

Парижде оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі. Аттракциондардың бірінде әткеншекке отырған қыз баланың беліне байланып тұрған арқан үзіліп кеткен.

Париждегі Рейли жағажайында демалып жүрген куәгер болған жағдайды видеоға түсіріп алады.

Қыз бала қасындағы серігімен жоғарғы биіктіктегі әткеншекті тебу керек болған. Алайда, қыздың беліне байланып тұрған арқан үзіліп кетіп, нәтижесінде қыздың басы төмен қарай салбырап қалады.

Жылдамдықтың күштілігінен әткеншекті тоқтату мүмкін емес еді. Абырой болғанда қызға зақым келген жоқ.
 

Егер қыздың басы бірнеше сантиметр төменде болғанда, оқиға қайғылы жағдаймен аяқталар еді дейді өзге де куәгерлер.

Оставить комментарий

Связанные Статьи