37 жастағы қазақстандық әйел Германия қалаларының біріне мэр болып сайланды

/uploads/thumbnail/20170710015145409_small.jpg

Қазақстан тумасы Вероника Лаукарт сайлауда жеңіске жетіп, Германияның Ау-на-Рейне қаласының мэрі болып сайланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вероника - этникалық неміс. Ол Астанада (ол кезде Целиноград) дүниеге келіп, сонда өскен. Жасы 37-де. Қазақстаннан жас кезінде отбасымен бірге кеткен.


Вероникаға сайлаушылардың 60,3 пайызы дауыс берген. Енді қаланың жаңа басшысы 1 маусымнан бастап жұмысына кіріседі. Айта кетейік, Ау-на-Рейне қаласында 3 500 адам тұрады. Елді мекен Германияның оңтүстік-батысында орналасқан.
 

Оставить комментарий

Связанные Статьи