Мемлекеттің сектордың жалпы қарызы 36 миллиард АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды Finprom.kz басылымы. Мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» ақпараттық агенттігі оқырман назарына ұсынады.
Қытай инвесторларына Қазақстан мемлекеттік секторларының 11% тиесілі.
Мемлекеттік сектордың сыртқы қарызы ҚР жекеменшік секторлар аумағынанның өсуінен екі есе жылдам өсуде.
2016 жылдың қорытындысы бойынша, мемлекеттік қарыздың көлемі, 50% мемлекеттік болып табылатын мекемелер мен банктердің қарызы $35,8 миллиардты құрайды. Бұл дегеніміз бір жыл бұрынғы қарызбен салыстырғанда 10%-ға көбейген.
Сонымен қатар, жекеменшік сектордың сыртқы қарызы 5%-ға ғана өскен.
Мемлекеттік сектордың сыртқы қарызы 10%-ға өскенімен, 2014 жылғы көрссеткішке жете алмапты ($36,2 миллиард).
Өткен жылда тікелей қаржыландыратын кредиторларға қарыз, яғни фирмааралық қарыздар көлемі артқан болатын. 2016 жылы сыртқы қарыз саны үш есе, яғни $2 миллиардқа көбейген.
Үкімет өткен жылдың ішінде сыртқы міндеттемелерді $816 миллионға арттырған, сонымен қатар ұзақ мерзімді қарыз көлемі $822 миллионға артса, қысқа мерзімді қарыз көлемі, керісінше, $6 миллионға қысқарған.
Коорпоративті секторлардың (қаржылық емес мекемелер, үй шаруашылығы және үй шаруашылығын тексеретін ҮЕҰ) шетелдік инвесторларға қарызы $517 миллионға, яғни 4%-ға артқан.
Керісінше, орталық банк пен қаржы мекемелері 2016 жылы үзіліс жасап, өздерінің ішкі міндеттемелерін қысқартқан. Осы орайда, орталық банк қарызы $143 миллионнан $36 миллионға дейін азайған.
Аударған: Назерке Лабихан
Оставить комментарий