Қара сиқырмен айналысатын әйел 22 жастағы баланы дуалап алған

/uploads/thumbnail/20170710021905818_small.jpg

Мұнайлы ауданының тұрғыны туған ұлын алаяқ келіншектің алдап ұстап отырғанын айтуда. 9 сәуір күні үйінен шығып кеткен ұлы бүгінге дейін ата-анасымен байланыспай отыр, деп жазады "Қамшы" ақпараттық агенттігі Nur.kz порталына сілтеме жасап.

"Менің балам бір ай бұрын үйленген келіншегін тастап, Лариса деген қыздың соңынан кетті. Қазіргі әкелген келіншегімен бұрыннан таныс болатын. Ол қызының мектеп бітіргенін күтіп жүргенде, мына Лариса деген алаяққа тап болды. Осы қызға үйленемін деп, шаңыраққа алып келді.  Балам әкелген соң беташар жасауға қамдана бастық. Сол күні бұл келінімнің алаяқ екенін айтып, бұрынғы күйеуі хабарласты. Балама дейін сол жігіттің жары болған, екі жарым жасар қызы бар екен. Сол үйге келін болып түсіп, тойын жасатып, үш айдан соң үйдегі барлық алтындарын алып қашып кеткен. Ол жігіттің анасымен әлі күнге дейін сөйлесіп тұрамын. Өзі он алты жасында босанған екен",- дейді Ерланның анасы Жанар Солтанова.

9 сәуірден бастап баласынан еш хабар ала алмай отырған ананың айтуынша, Лариса ұлын қара сиқырмен айналдырып, ұстап отырған көрінеді. Себебі Ерлан наурыз айында ғана тараздық қызбен отбасын құрған.

"Ұлым наурызда қазіргі келінімді алып қашып келген. Беташарын жасап, үлкен тойға дайындалып жатқанбыз. Міне, бір аптадан бері балам бізбен сөйлеспеді, жас келініме обал. Лариса күнде аузына келгенді айтып, келініме неше түрлі смс жазады. Мен келінім суицид жасай ма деп қорқамын. АІІБ-ге өтініш арыз жазып, іздестіру де жарияладым. Әзірше, еш нәтиже жоқ", - дейді Жанар.

Жанар Жұмайқызы Ларисадан ештеңе қажет емес екенін, тек туған ұлымен тілдесіп, оның не себепті бұлай жасап жүргенін білгісі келетінін айтады.

"Маған баламды тауып берсе болды, ол әйелден маған ештеңе керек жоқ. Не себепті ұлымның осылай істеп жүргенін білсем деймір. Жас келіннің не кінәсі бар?! Маған, менің үлкен ұлыма, Ерланның әйеліне неше түрлі хат жазатыны аздай, Лариса келінімнің әпкелеріне түрлі sms жазып, дау шығаруда.

Ол менің ұлымды оқытып алған, туған ұлымды тани алмай жүрмін, зомби сияқты. Олар қашып жүрмесе, балам неге алдыма келмейді?  Біз оның қайда тұрып жатқанын білмейміз, іздемеген жеріміз жоқ. Келінім етегі жасқа толып, күйеуін үйде күтіп отыр. Мен қазақша емшілерге барсам, балаңызды оқытып алған, оны біз қайтара алмаймыз дейді. Лариса маған хабарласып: "Балаңызды көрсетпеймін, не істейсіңдер?" деп ашық айтады, -деп мұңын шақты Ерланның анасы.

"Біздің Ерланмен үйленгенімізге бір жарым жылдай болды. Менің Ерланнан бір қызым бар. Ол бір жағдайлармен Таразға кетті. Сосын әке-шешесі артынан барып, маған үйлендірмеу үшін басқа қызды алып берді. Ерлан оны сүймейтіндігін айтып, балам мен әйеліме барамын деп маған қайтып келген. Мен оны күштеп ұстамаймын, ол күні кеше ғана анасымен сөйлесті. Ол қазіргі келіншегін үйіне қайтарыңыз деген, бірақ анасы көнер емес, -дейді Лариса.

Ол бұған дейін бір рет тұрмыста болғанын жасырмады. Бірінші некесінен тапқан баласы анасының қолында екенін де айтты. Ал сиқырлап алды деген пікірмен Лариса мүлдем келісмейтіндігін мәлімдеді.

"Оқытып алды деген қазіргі заманда ертегі сияқты, өздері тым ырымшыл болған соң, сенетін болар. Әйтпесе, үп-үлкен жігітке мен қалай отыр-тұр деп айтамын",- деп жауап берді Лариса.

Үй-ішімен байланысқа шықпай жүрген Ерланмен Ларисаның телефоны арқылы тілдесіп көріп еді.  Ерланның айтуынша, ол ешкімнен қашып жүрген жоқ. Ал қазіргі келіншегін әке-шешесінің өтінуі бойынша ғана алған.

"Мен жиырма екі жастағы жігітпін ғой, мені қалай күштеп ұстайды?! Мен оларды тыңдамаймын, соған ашуланып отырған болар. Жақында үйленгенім рас, бізде әлі үлкен той болмады. Ол бірақ қазір өз үйіне кетіп қалды", -деді ұйқылы-ояу жауап берген Ерлан Оңалбай.

Айта кететіні, Ерлан Оңалбайдың анасы Жанар Жұмайқызы жас келінінің үйде екенін айтып, тіпті телефон тұтқасын да берген. Бірақ, күйеуінен тірідей айырылып, қайғыдан қан жұтып отырған келіншек Ларисаның араларына түскеніне төрт жылдан асып кеткенін ғана айтты.

Мұнайлы ауданының АІІБ қызметкерлері бұл іске қатысты жауап беруден бас тартып отыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи