19 жастағы нигериялық Рама Харун өте сирек кездесетін және ауыр дертпен дүниеге келген. Дәрігерлер қыз туылған кезінде-ақ оған ағзасы өсіп-жетілмейді деген диагноз қойған. Қазіргі таңда қыз 6 айлық бала секілді, аяқ-қолдары мүлдем жұмыс істемейді. Үнемі денесінен ауыртпалық сезінетін қыз бүкіл өмірін пластикалық ыдыста өткізуде, тіпті, мүгедектерге арналған арбаның өзі оған қолайсыз, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
«6 айлығына дейін қызым сап-сау болатын. Алайда, еңбектеуді сол бойы үйренбеді, кейіннен қызымның өсу процесі тоқтап қалды. Оның өмірінің мәнін келтіруге барынша тырысамыз, қасында үнемі бір адам отыруы қажет. Рама күніге таңертең оянған кезінде бір таңғажайыптың болатынына сенеді», - дейді қыздың анасы.
Рамаға туған інісі 10 жастағы Фахад өте жақын, әпкесін қатты жақсы көреді. Оған қаты жаны ашиды, дегенмен Фахад Раманы ерекше адам деп есептейді.
«Мен оған үнемі көмектесіп жүремін және де біз күніге қыдырамыз. Басқа адамдар менің әпкеме көмек көрсеткен кезінде мен қатты қуанамын. Рама туыстарымызға қонаққа барғанды ұнатады, сондықтан да біз оларға жиі барып тұрамыз», - дейді балақай.
Бұл қыздың дертін анықтау әлі күнге дейін мүмкін болмай келеді. Ата-анасы 15 жыл бойы ауыр дертке шалдыққан қыздарының нақты немен ауыратынын анықтап білмек болды, алайда еш нәтиже шықпады. Рама Харунның жағдайы нигериялық дәрігерлерді тығырыққа тіреді. Кейбір жергілікті дәрігерлер оған жынның қарғысы тиген деп айтады.
Рамаға көп адамдар көмектесуге келіп тұрады екен.
«Бір күні қызыммен бірге дүкенге аралауға барғанымда Рамаға мүгедектер арбасын алып берген адамды кездестіріп қалдым. Ол кісі бірнеше рет суретке түсіріп, жергілікті газеттерге берді. Сол сәттен бастап көмек қолын созушы адамдар көп келіп тұрады», - дейді анасы. Қазіргі таңда Раманың туыстары қайырымдылық қорлары мен халықаралық деңгейдегі дәрігерлердің назарын аударғысы келеді.
Раманың соңғы үміті – таңғажайып құбылыстың орын алуы.
Батыл қыз бір күні бағы жанатынына сенімді: «Менің өмірімде болып жатқан түрлі жағдайлар үшін Құдайға ризашылығымды білдіремін. Кейін өзімнің көкеніс сататын дүкенімді ашқым келеді және мұқтаж адамдар келіп сол дүкеннен бар керектерін алса екен деймін. Өмірден дәл осыны қалаймын», - дейді Рама.
Оставить комментарий