14-сәуір күні «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің кітапхана бөлмесінің оқырмандар залында «ЭКСПО-2017 көрмесі елдіктің ерен жемісі» атты көрменің ашылуы болып өтті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Көрме елімізде 2017 жылы Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілетіндігіне және осы көрмені насихаттау, таныту мақсатында ұйымдастырылды.
Көрменің ашылуына «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қызметкерлерімен бірге, музейге ерен еңбегі сіңген Саян Қожамұратов, Жайна Илиясова сынды ардагерлеріміз қатысып өз ойларын ортаға салды.
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде жылдар бойы қызмет етіп, еңбегінің зейнетін көрген С.Қожамұратов ЭКСПО-2017 көрмесін өткізудің біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін маңыздылығын айтып, барлық қызметкерлерге сәттілік пен биік белестерге жетуге шығармашылық табыстар тіледі.
Келесі кезекте қорық-мұражайдың ғылыми қызметкері А.Орынбекова әлемнің 100-ден астам елі, халықаралық ұйымдар мен инновациялық компаниялары қатысатын «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 көрмесінің тарихы, мақсаты, атқарылған жұмыстары мен жеткен жетістіктері жайлы қысқаша мәлімет берді.
Көрме экспозициясында ЭКСПО-2017 тарихы жайлы сыр шертетін бірегей фотосуреттер, баспасөз беттеріне басылған мақалалар, мұражайымыздың баспа өнімдері көпшілік назарына ұсынылды.
Оставить комментарий