Facebook «тікелей эфирінде» адам өлтірілді

/uploads/thumbnail/20170710024150776_small.jpg

Facebook компаниясы «тікелей эфир» адам өлтірілуі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

«Бұл «сұмдық қылмыс», және біз  мұндай контенттің Facebook-ке салынуына қарсымыз»,  - делінген мәлімдемеде..

Сонымен қоса компания өкілдері: «Біз Facebook-те қауіпсіз ортаның болғанын қалаймыз. Және сол үшін құқық қорғау органдарымен тығыз байланыстамыз. Қолданушылардың физикалық қауіпсіздігі біз үшін аса маңызды», - деп атап өтті.

Аталған қылмыс Американың Кливленд(Огайо штаты) қаласында болған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Стив Стивенс есімді азамат Facebook «тікелей эфиринде» адам өлтірген. Және ол видеоны сақтап, өзінің парақшасына салып қойған. Құрбан болған 74 жастағы Роберт Гудвинді ол мүлдем танымаған. Видео жүктелгеннен кейін үш сағаттан соң өшірілген.

Полицияның мәліметінше, қылмыскер әлеуметтік желі де өзінің тек бір қылмыс қана жасамағандығын мәлімдеген. Қазіргі уақытта ол іздеуде, қаруланған және астында көлігі бар. Сондықтан әкімшілік қала тұрғандарына аса сақ болуды ескерткен.

Оставить комментарий

Связанные Статьи