АҚТӨБЕ, ҚАРАҒАНДЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСТАРЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНДЫ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710024442497_small.jpg

Қарағанды облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды qamshy.kz

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Бұқар жырау, Қарқаралы және Абай ауданының жекелеген елді мекендерінде су тасқыны болған. Осыдан кейін бұл аудандардың әкімдері жергілікті көлемде табиғи сипаттағы ТЖ жариялау туралы шешім қабылдаған.

"Қазіргі кезде жеті елді мекенде тұрғын үйлер мен аула аумақтары су астында қалды: Сарытөбе, Чкалово, Садовое, Андрейниковка, Қызылжар, Красная Поляна, Қарамұрын. Чкалово және Садовое ауылдарында 49 және 42 баспананы су басқан. Чкаловодан 137, Садовое ауылынан 308 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Үш елді мекенде - Қарағайлы және Қайрақты, Тұзды ауылдық округының 1-май бөлімшесінде - су басу қаупі сақталады. Шопа ауылында Шерубай-Нұра өзенінде арнасынан асқан су жолдарды шайып кетті. Облыста автомобиль жолдарының сегіз учаскесін су басты. "Қарағанды-Қарқаралы" жол учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін көлік қозғалысы тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, кеше кешкісін су тасқыны салдарынан Ақтөбе облысында да төтенше жағдай жарияланған болатын.  Елек, Қарғалы, Сазды, Жіңішке және Бұтақ өзендері арнасынан тасып, 283 саяжай үйін су басты. 5 үй қирап қалды. Кешелі бері 700-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Екі мектептің ғимаратында 12 эвакуация пункті ашылған. Арнайы орынға 200-ден астам адам жеткізілді. Елек өзенінің қос жағасында да қоғамдық тәртіп күзеті мен құтқарушылар тобы жұмыс істеп жатыр. Тасқын салдарын жоюға төтенше жағдай қызметі, Ұлттық гвардия, жергілікті полиция қызметінен барлығы 500 адам мен 124 бірлік техника жұмылдырылған. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Арнайы құрылған комиссия төтенше жағдайдың шығынын анықтайтын болады. Мұндай жағдай өңірде осыдан 20 жыл бұрын болған.

Сондай-ақ, Қостанай облысына да су тасқыны салдарынан төнген қауіп күшейді. Аймақта алқаптардағы қар еріп, су деңгейі көтерілді. Соның салдарынан бірнеше елді мекен апатты жағдайда тұр. «Әулиекөл ауданы, Көктал ауылында екі тұрғын үйге су кіріп кеткен. Қазір ол жерде суды бұру жұмыстары жүріп жатыр. Ал Қарасу ауданында екі елді мекенде 7 үй су астында қалып, адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Құтқару шараларына 40-қа тарта техника мен 70-тен астам адам күші жұмылдырылған деп мәлімдейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы. Қазір түрлі әлеуметтік желілерде іргесіне дейін су жеткен елді мекендердің видеолары көбейген.

Жексенбі күні Ақмола облысында да су тасқыны болып, еріген қар суы оқушылар мінген автобусты ағызып әкеткен. Оқиғаның куәгерлері тасқын судың жолдан асып-тасып жатқаны түсірілген бейнежазбаны жариялаған болатын. Кейінірек анықталғандай, оқиға 16 сәуір күні Сандықтау ауданында Атбасар-Көкшетау жолында Балкашино және Максимовка ауылдарының арасында болған.

Одан бөлек, Сандықтау ауылының тұрғындарын көшіріп жатқан кезде суға кеткен үйлердің бірінен 59 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Әйелдің неден көз жұмғаны анықталып жатыр.
Айта кетейік, Сандықтау ауылында Жабай өзенінде су деңгейі көтерілуінің салдарынан жеті үй мен ауланы су басты. 17 адам, оның ішінде 5 бала көшірілген. 

Алдағы уақытта су тасқыны тағы да күшеюі мүмкін. Ауа райын болжаушылар алдағы бірнеше күн жауын-шашынды болады деп болжап отыр.

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты дүйсенбі күні Қазақстаның басым бөлігінде жаңбыр жауып, оңтүстік пен оңтүстік шығысында найзағай соғады. Республиканың бірқатар аймақтарында тұман түсіп, солтүстік аймақтарда жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің күші секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 30 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі деп күтілуде. Қостанай, облысының бірқатар аймақтарында желді екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Кей жерлерге тұман түседі. Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің күші 17-22 метр/секунд болады. Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында да жел 15-20 метр/секундқа дейін күшейеді. Жамбыл, облысында найғағай соғып, жел күшейеді. Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 метр-секунд болады, кей жерлерде 25 метрге жетеді. Түнде және таң ата тұман түседі. Ақтөбе облысында тұман. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи