АҚШ-тың Лондондағы елшілігі үш айлық баладан «терроризмге» қатысты жауап алды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Guardian газетінің хабарлауынша, сәбидің атасы визаны толтыру кезінде қателік жіберген. Харви Кеньона-Кэйрнстің атасы немересі атынан американдық туристік визаны толтыру кезінде «Сіздің террористік ұйымға, геноцидке, тыңшылық ұйымға қатысыңыз бар ма?» деген сұраққа қателесіп, «иә» деп жауап берген. Осыдан кейін үш айлық баланы Америка елшілігіне жауап алуға шақырған.
«Мен олардың қарапайым қателікті түсінбегендеріне қайран қалдым. Баладан қандай қауіп төнуі мүмкін», — деген оның 62 жасар атасы Пол Кеньон.
Атасының айтуынша, ол баланы елшілікке түрмедегілер киетін қызғылт сары киіммен апармақ болған. Алайда ол: «Дипломаттар әзілді түсіне алмайтын секілді, сондықтан бұл ойымнан бас тарттым», - деген екен.
Атасы сәбидің жауап алу кезінде өзін жақсы ұстағандығын, жыламағандығын айтқан. «Әрине тергеу соңында баланың тыңшылықпен айналыспайтындығы, террорға қатысы жоқтығы белгілі болды. Оның бар жасаған қылмысы бір-екі жаялықты бүлдіріп қойғандығы, бірақ мұны елшіліктегілер білмейді», - деген ол өзінің мәлімдемесінде.
Оставить комментарий