Назым Қызайбай спортшыларға арналған жейделер топтамасын шығарды

/uploads/thumbnail/20170710024457763_small.jpg

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы болған қазақ қызы Назым Қызайбай "NK Team" брендімен жейделер топтамасын шығарды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл туралы боксшы Әділбек Ниязымбетов өзінің инстаграм парақшасында жазды.

"Спорт – денсаулық кепілі демекші, бүгінде, спорт өмірдің ажырамас бөлігі. Салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар физикалық жаттығулар жасаумен қатар, спорттық киімге де назар аударуы тиіс. Айта кететін жайт, бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай жеңіл жейделер топтамасын жұрт назарына ұсынбақ. Әрине, қазақ елінің мақтанышы, жейделерді спортшылар мен спорт әуесқойларына арнайды. Аталмыш жеңіл жейделер спортпен айналысуға ынталандыратын жазулармен, дәйексөздермен безендірілген.
Осындай жейделер достарыңыз бен жақындарыңыздың көңілінен шығатыны айқын. Сонымен қатар, адамның қызығушылығы мен әуестенуіне байланысты таңдалған жейделер спорт сүйер қауымды ынталандырып қана қоймай, талай белестерді бағындыруға септігін тигізеді!", — деп жазады Әділбек.

Назым Қызайбай – қазақстандық боксшы, қазақ әйелдер арасындағы бокс чемпионы. 2012 жылы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2014 жылы Оңтүстік Кореяда өткен әлем чемпионатында алтын жүлдеге иеленді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи