70 жастағы көлік жүргізушісі 54 баланың әкесі

/uploads/thumbnail/20170710031113540_small.jpg

Пәкістанда 70 жастағы Абдул Маджид Менгал есімді ер адамның 6 әйелінен 54 баласы бар. Көбі сәби кезінде шетінеп кеткен. Қазір Абдулдың 22 ұлы, 20 қызы бар. Ер адамның айтуынша, балаларына сапалы білім беру үшін өмір бойы еңбек еткен.

Абдул 18 жасында отбасын құрды. Бірнеше жылдан кейін 6 әйелге үйленді. Қазір оның тұрақты жұмысы бар. 32 жастағы баласы әкесіне материалдық тұрғыдан көмектеседі. Абдулдың ең кіші баласының жасы 2-де.

Үлкен отбасына киім алу қымбатқа түсетіндіктен, мата сатып алып, киім тігеді екен. 

Абдулдың айтуынша, ол 42 баласының барлығына көңіл аударады. Аналарымен бірге түрлі мерекелерді тойлайды.  

Связанные Статьи