Әнші су тасқынынан зардап шеккен 10 жастағы қызға көмектеспекші

/uploads/thumbnail/20170710031520522_small.jpg

Ақтөбе облысының 10 жастағы тұрғыны билік өкілдеріне үндеу айтып, жанайқайын жеткізген видеосы жарияланған еді. Кішкентай ғана қыздың аянышты халы қазақ жұртын бей-жай қалдырмасы анық. Көмектесіп, қол ұшын созғысы келетіндер де табылып жатты. Солардың бірі танымал әнші Меруерт Түсіпбаева болды, деп хабарлайды Қамшы АА. Оқушы қыздың жанайқайын естіген әнші бірден көмектіскісі келетінін жеткізген. Бұл жайында ол Фейсбук парақшасында жазды.

Жазбасында қызға жаны ашыған әншінің көмектеспек болған таза ниетін байқаймыз: "Кітаптарым суға кетті деп жыламашы, ботақан! Бәрін өзім әперемін" деп, тілшілерден қызға қатысты барлық ақпараттарды мәлімдеуін сұрайды.

Еске сала кетейік, Махамбетов ауылында тұратын Тұрғангүл Ешімова су тасқыны салдарынан жалғыз үйлерінен айырылып қалды. Әйелдің айтуынша, жүрегі нашар күйеуі үйінің қалай құлап жатқанын өз көзімен көрген.

Ал, кіші қыздары Махаббат № 36 мектептің 4-сынып оқушысы кітаптарсыз, киімдерсіз қалды. Су тасқынынан жапа шеккен отбасы естерін әлі жимаған. Осы жағдайды ескеріп, 10 жастағы Махаббат билікке үндеу айтты. Жапа шеккендерге лайықты көмек көрсетпеген билікті айыптап, жанайқайын айтып салды.
 

Оставить комментарий

Связанные Статьи