Путинге қарсы «Надоел» акциясына рұқсат берілді

/uploads/thumbnail/20170710031812509_small.jpeg

Ресейдің Краснодар, Томск және Новосибирск қалаларының басшылығы 29 сәуір күні «Открытая Россия» қозғалысының «Надоел» деп аталатын акциясын өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды, Қамшы АА Азаттық радиосына сілтеме жасай отырып.

Акцияға қатысушылар президент Владимир Путиннен алдағы президент сайлауына қатыспауды сұрамақ.

Краснодарда митинг Победа алаңында өтеді. Ұйымдастырушылар бұдан соң шеру өткізбек болған. Бірақ билік оған рұқсат бермеген. Томскіде акция Ново-Соборная алаңында өтетінін болды. Ал Новосибирск билігі акция өткізуге рұқсат бергенін, бірақ оны алаңда емес, кинотеатрға ауыстырғанын хабарлады.

Кеше Мәскеу мэриясы да «Открытая Россия» қозғалысының акциясын өткізуге рұқсат бергені, бірақ ұйымдастырушыларға оны Сахаров даңғылында өткізуді ұсынғаны белгілі болған. Ал Петербор билігі акцияға рұқсат бермеген.

29 сәуірде өтетін «Надоел» акциясының қалай өтетіні өткен сенбіде белгілі болған. РБК агенттігінің ақпаратына қарағанда, акцияларда Ресей бойынша Владимир Путин әкімшілігіне президентті 2018 жылы өтетін сайлауға кандидатурасын ұсынбауға шақыратын үндеулер жолдау жоспарланып отыр.

Связанные Статьи