Зимбабведе оқу ақысын ақшадан бөлек басқа жолдармен де төлеуге рұқсат етілді

/uploads/thumbnail/20170710031828322_small.jpg

Зимбабведе мектептегі оқу ақысын малмен төлеуге рұқсат берілді деп хабарлайды Қамшы АА  BBC News-қа сілтеме жасап. Елдің білім және ғылым министрі Лазарус Докора (Lazarus Dokora) бұл аз қамтылған отбасыларға көмегін тигізеді деп есептейді.

Оның сөзінше, қой мен ешкіден бөлек ата-аналары мектептегі жұмыстарды атқарып, балаларының оқу ақысын өтей алады. Мұны көбіне ірі қалаларда тұратын адамдар қолданады. Ал малмен төлеу әдісіне ауыл тұрғындары жүгінеді деп болжанып отыр.

Зимбабве соңғы жылдары қаржылық дағдарысты бастан өткеруде. Сәтсіз жер реформасына байланысты африкалық ел экспорттаушыдан импорттаушыға айналды.

 

 

Связанные Статьи