АҚШ вице-президенті Майк Пенс осы сенбіде «Карл Винсон» соғыс кемесі бастаған АҚШ-тық BMC шабуыл тобы Жапон теңізінде сәуір айының аяғына дейін болатындығын айтты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі BBC news басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы ол өзінің Азияға жасаған сапары барысында Аустралияда өткен пресс-конференцияда мәлімдеді. КХДР-ның ядролық және ракеталық бағдарламасы Пенстің осы елдердің мемлекет басшыларымен жасаған келіссөздерінің ең негізгі тақырыбына айналған болатын.
Пенстің айтуынша, Бейжіңмен қарым-қатынастың жақсаруы Корей түбегіндегі денуклеяризацияны (ядролық қаруды таратпау) бейбіт жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Соңғы кезде КХДР мен АҚШ арасында жағдай қатты ушығып кеткен болатын. Солтүстік Корея АҚШ-тың қандай да бір шабуылы бола қалса, ядролық қарумен жауап беретінін ескертеді. Ал Трамп бұл мәселені міндетті түрде шешетінін айтты.
11сәуір күні Дональд Трамп Fox телеканалына берген сұхбатында Корей түбегіне «ең жойқын соғыс армадасы» бағыт алатыны жайында хабарлаған болатын.
Оның Солтүстік Кореяға алдын-алу соққысын жасауға дайындалып жатқандығы туралы сөзі Шығыс Азияны дүр сілкіндірді. 19 сәуірдегі ақпарға сүйенсек, кемелер солтүстікке, Жапон теңізіне емес басқа бағытқа, яғни Австралияға, солардың әскери күштерімен белгіленген оқу-жаттығу жиынын өткізуге аттанған.
Келесі күні Ақ үй мен Пентагон өкілдері Трамп сөзінің дұрыстығын және «Карл Винсон» сапарының алдымен Аустралияға сосын Корей түбегіне бет алатындығын растады.
Оставить комментарий