Есірткімен ұсталған ер адам күдік тудырмауы үшін кішкентай қызын пайдаланған (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710035419320_small.jpg

Кезекші топ Audi көлігін Алматы-Бішкек тас жолында жүргізушінің құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан. Көлікте жүргізушіден бөлек ер адам және оның 5-ші сыныпта оқитын қызы болған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі patrul.kz-ке сілтеме жасап. 

Құжат тексеру барысында күдіктенетіндей ештеңе болмаған. Алайда қызметтік ит есірткінің иісін сезгенін білдірді. Кезекші топ көліктің жүк салғышынан сөмкені көреді. Онда жасыл түсті өсімдікті тапқан. Өсімдік сараптамаға жіберіліп, есірткі екені анықталған.

Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанда күдіктінің қызы шошынып қалған. Тәртіп сақшылары оны анасы келгенше өз патронаттарына орналастырды. Қыздың анасына болған жағдай туралы телефон арқылы ескертілген.

Барлық іс Жамбылдың ІІД жіберілді. Ұсталған ер адамның кінәсі дәлелденсе 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алматы-Бішкек тас жолында есірткіні тәркілеу бойынша 9 іс тіркелген. Осы уақытқа дейін 41 келі марихуана мен 992 грамм героин тәркіленген. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи