Тәжікстан президентін атағанда Ұлт көшбасшысы екенін айтпасаңыз жауапқа тартыласыз

/uploads/thumbnail/20170710035756843_small.jpg

Тәжікстанның бұқаралық ақпарат құралы  енді Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон туралы жазғанда оның барлық лауазымын қоса атауы қажет. Яғни  әлемнің және ұлттық бірліктің негізін қалаушы - Ұлт көшбасшысы лауазымы міндетті түрде президенттің есімімен қатар айтылуы керек деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі centralasian.org-қа сілтеме жасап.

Мемлекеттік басылымның бірінде жұмыс істейтін журналист президент туралы жазғанда  «Джаноби Оли» және  «Ұлт көшбасшысы» деп қосатынын хабарлаған. Жаңа заң қабылданып, оған сәйкес президент лауазымын толық жазу міндеттелді. Яғни, президент туралы айтқанда немесе жазғанда міндетті түрде «Әлемнің және ұлттық бірліктің негізін қалаушы - Ұлт көшбасшысы» деп қосу қажет.

Тәжікстанның мемлекеттік радио директоры Фаррух Зиёев, Эмомали Рахмон есімі ресми құжатта аталғанда «Әлемнің және ұлттық бірліктің негізін қалаушы - Ұлт көшбасшысы» деп айту заңмен бекітілген және журналистер заңға мойынсыну керектігін айтады.

Тәжікстанның Қылмыстық кодексінде президенттің лауазымына тіл тигізгендерге қатысты жаза қарастырылған.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи