Бөлменің төбесінде не барын білген әйел абдырап қалды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710035818070_small.jpeg

Аустралияның Квинсленд қаласындағы жаттығу залының иесі Шанталь Воган жұмысына келгенде бөлменің төбесінен үлкен тесікті байқайды. Алғашында төбеде жүрген опоссум жануары екен деп ойлаған әйел алаңсыз жұмысын жалғастыра берген. Бірақ жағдай әйел адам ойлағандай емес еді.

Алаңсыз екі күн бойы жұмыс істеп жүрген әйел үй төбесінде ірі жылан жүргенін білмеген. Тіпті, келушілердің өзі байқамаған. оны көрген әйел не істерін білмей, абдырап қалды. Есін жиған соң жаттығу залындағы келушілермен жыланды құрыққа түсіруге көшеді. Жыртқыш ұсталған соң Шанталь жабайы жануарларды аулайтын арнайы қызмет орталығына хабарласып, жыланды алып кетуін өтінеді.

Жұмысшылардың айтуынша, ол уақытта жылан аса қауіпті болмаған, себебі бұған дейін опоссумды жеп тойып алған көрінеді. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи