Google ең танымал университеттердің рейтінгісін жариялады

/uploads/thumbnail/20170708154533165_small.jpg

ҚазАқпараттың жазуынша Google ұсынған бұл тізім әлемдік үздік жоғары оқу орындардың дәстүрлі тізімінен мүлдем өзгеше.

Google сарапшылары іздеу бойынша сауалдар тарихын талдай отырып, қызықты үрдісті анықтады. Интернет пайдаланушыларын дәстүрлі университеттерден гөрі онлайн-курстар көбірек қызықтыратын көрінеді. Сөйтіп, рейтингіде американдық Феникс университеті іздеу сауалдары рейтингісінде көш бастап тұр, өйткені мұнда көптеген онлайн курстарды ұсынатын көрінеді. Екінші орында Google пайдаланушыларында танымалдығы жағынан Массачусетс технологиялық университеті шықты. Ол өткен аптада әлемнің үздік университеті болып танылған еді. Ол да өзінің онлайн-курстарымен даңқы шыққан. Қашықтан оқытудың ізашары болған Еуропада британдық Ашық университет жалпы тізімде үшінші орында екен. Ал Оксфорд - 13-ші орында, Кембридж болса ТОП-20 тізіміне де енбей қалған.

Қамшы-ақпарат

Оставить комментарий

Связанные Статьи