Порошенко Қазақстанды қауіпсіздікті нығайтуға шақырды

/uploads/thumbnail/20170708154532459_small.jpg

Украина президенті Петр Порошенко Қазақстанды елінің қауіпсіздігін нығайтуға шақырды. Бұл туралы ол Киевтегі баспасөз мәслихатында Tengrinews.kz тілшісі қойған сауалға берген жауабында мәлімдеген.

Tengrinews.kz  Украина президентіне: "Сіз 23 жыл бойғы тәуелсіздіктен соң биыл территориясының бір бөлігін "жоғалтқан" мемлекеттің президентісіз. Сондықтан, басқа мемлекеттерге, соның ішінде Қазақстанға да осыған ұқсас жағдай қайталанбас үшін қандай кеңес бересіз" - деп сұрақ қойған. Тілші сұрағына жауап берген Порошенко Қазақстан мен Беларусьтің қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрғанын айта келіп:  "Мен соңғы кездері қылаң берген барлық қауіп-қатерге дұрыс жауап қату үшін сенімді, берік қауіпсіздік тетіктерін құру бүгін барлығымыздың, сонымен қатар Қазақстан және Беларусь халқының алдында тұрған міндет деп санаймын. Мен ҰҚШҰ (ОДКБ) тетіктері бұл тәуекелдер мен қатерге жақсылап тойтарыс бере алмайтындығына аса сенімдімін", - деп жауап берген.

Қамшы-ақпарат

Оставить комментарий

Связанные Статьи