Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономдық өлкесінде бірнеше елді мекенде орын алған жарылыс туралы хабарлаған едік. Bnews.kz-тің жазуынша жарылыс салдарынан кем дегенде 50 адам көз жұмып, 54 адам жарақат алған. Жарылыс жексенбі күні болған, салдары тек бүгін ғана хабарланып отыр. Қаза болғандардың арасында 4 полицей, 6 жазықсыз адам мен 40 жанкешті бар. Лаңкестер жарылғыш затты азық-түлік базарында, екі полиция учаскесінде және дүкенде іске қосқан.
Шабуыл жасағандардың жартысы жарылыс кезінде көз жұмса, қалғандарын полиция қырып салған. Шыңжаң Ұйғыр автономдық өлкесінде тұрақсыз жағдай бірнеше жылдардан бері жалғасып келеді: ұйғырлар жергілікті биліктің басқару жүйесіне көңілі толмай, Бейжіңнен еркіндік аясын кеңейтуді талап етуде. Ал Қытай билігі болса, Шыңжаңды дамыту үшін барлық жағдайды жасап жатқандарын алға тартуда.
Қамшы-ақпарат
Оставить комментарий