Ресейдің елдің шекарасын белгілеу жөніндегі өкілі Мәскеудің Каспий теңізін теңіз жағалауындағы елдер арасында бөлуге қарсылық білдірді. Бұл туралы «Иран қазақ радиосы» сайты жазды.
Президентінің Каспий теңізі мәселесі жөніндегі арнайы өкілі әрі осы ел Сыртқы істер министрінің орынбасары Игорь Брадчиков дүйсенбі күні: «Ресей Каспий теңізінің бөлінуіне қарсы, бірақ теңіз жағалауындағы елдер үшін 25 мильдік белдіктерді белгілеуді қолдайды. Каспий жағалауы елдері үшін 25 мильдік белдіктерді белгілеу келісіміне сәйкес теңіздің барлық аумағы қорғауда болады»,- деген. Каспий теңізінің ұзындығы 1200 км, ені 220-550 км, жағалауының ұзындығы 6500 км-ді құрайды. Оның 657 км-і Иранға, 820 км-і Әзірбайжан Республикасына, 1476 км-і Ресейге, 1647 км-і Түркіменстанға, ал 1900 км-і Қазақстанға тиесілі.
Қамшы-ақпарат
Оставить комментарий