Джек Ма: 30 жылдан соң компанияларды роботтар басқарады

/uploads/thumbnail/20170710040723831_small

 Alibaba Croup-тың негізін қалаушы  Джек Маның айтуы бойынша,  30 жылдан соң компанияларды роботтар басқарады.

Жақын арада Джек Ма Қытайдың кәсіпкерлер клубының мүшелермен кездесті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Yahoo-ға сілтеме бере отырып.  Кездесу барысында  алдағы 30 жылда әлемде қиындықтар қазіргіден де көп болады деп мәлімдеді.

Джек Ма осыдан 15 жыл бұрын өзінің электрондық коммерцияның дамуы жайында айтқанын еске сала кетті. Электрондық коммерцияның дамуы дәстүрлі бизнеске әсер етеді. Бірақ өзінің алдын-ала жасаған ескертуіне ешкімнің құлақ аспағанын тілге тиек етті. Қазіргі таңда кез келген жұмыс ғаламтормен тығыз байланысты екенін де айтып өтті.

Роботтар адамдардың орнын баса алмайды. Оның орнына түрлі жұмыстарды атқаратын машиналарды ойлап табу керек.  Сонда ғана роботтар адамға қарсылас емес серіктес болады, қиын жұмыстарды атқаруға өз көмегін тигізеді, деді Джек Ма.

30 жылдан соң Time журналының алғашқы бетінде бір компанияның Бас директоры ретінде адам емес роботтың суреті тұруы да ғажап емес. Себебі, роботтың адамға қарағанда есте сақтау қабілеті мықты, есепке жүйрік және роботтың сезу мүшесі жоқ, деді Джек Ма.

Оставить комментарий

Связанные Статьи