Қытайдың Синьцзян Ұйғыр автономиялық ауданында жаңа туылған сәбиге қоюға болмайтын есімдердің тізімі шықты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі The Guardian-ға сілтеме жасап. Оның ішінде Ислам, Құран, Саддам, Мекке деген Ислам дініне қатысты есімдер бар. Егер ата-анасы балаға аталған есімдердің бірін қойса, ол балаларды денсаулық сақтау және білім беру мемлекеттік жүйесіне тіркемейді.
Жергілікті БАҚ хабарлауынша, Синьцзянде мұсылмандар өте көп тұрады. Аудан билігі діни экстремизммен күресу мақсатында әйелдерге ниқаб ал ер адамдарға «қалыпқа сай емес» сақал қоюға тыйым салған.
Оставить комментарий