Кеден одағы елдерінде бірыңғай виза қолданылуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170708154543894_small.jpg

Мәскеу мен Минск бірыңғай виза енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр, бірақ оны іске асыру үшін уақыт қажет, бұл туралы РФ Сыртқы істер министрлігі консулдық департаментінің директоры Евгений Иванов мәлім еткен.

Tengrinews.kz-тің жазуынша: "Беларусьпен бірге бірыңғай виза кеңістігін ашу мүмкіндігі, шынымен де, қарастырылып жатыр. Дегенмен оны жылдам іс жүзіне асыру мүмкіндігі туралы айту әзірше ерте. Бұл мәселенің көптеген құрамдас бөлшегі бар, соның ішінде, техникалық жағынан, оны шешуге уақыт керек", - деген Иванов "Интерфакске" берген сұхбатында. Оның айтуынша, бірыңғай виза ашу шетел азаматтары үшін ыңғайлы болады.

Қамшы-ақпарат

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи