Харьковтіктер Ленин ескерткішін құлатты

/uploads/thumbnail/20170708154548150_small.jpg

Харьковте Украинаның бірлігін қолдап шеруге шыққандар коммунистер көсемі Владимир Лениннің ескерткішін құлатты. Бұл туралы «Азаттық радиосы» жазды. Қала орталығындағы Бостандық алаңында орналасқан жиырма метрлік ескерткішті мыңдаған белсенді орнынан жұлып алған. Ескерткіш құлатылған оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері болмаған. Белсенділер ескерткішті құлатпас бұрын оның іргетасына балтамен "Жасасын Украина!" деген сөзді ойып жазыпты.

Қамшы-ақпарат

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи