Бүтін елді алаңдатқан Калачидегі "ұйқы ауруы" тағы дендеді. Бұл туралы өңірдегі "ҚазАқпарат" тілшісіне Есіл аудандық аурухананың дәрігерлері мәлім еткен. Аудандық аурухана дәрігерінің сөзіне қарағанда, бұл жолы ауырып түскен ағайынды 2 және 10 жасар екі баланың бірінен "ұйқы ауруының" белгісі табылыпты. Қазіргі кезде, "ұйқы ауруына" шалдыққан 2 жастағы бүлдіршіннің жағдайы жаман емес көрінеді. Дәрігерлердің бақылауына алынып, тиісті ем-дом қабылдауда екен.
Еске салсақ, осыдан тура бір жарым жыл бұрын Ақмола облысы Есіл ауданындағы Калачи ауылында тұрғындардың ұйқы ауруына шалдыққаны жөнінде алғашқы ақпарат тараған болатын. Бүгінгі күні осы ауруға шалдыққандардың саны 45-ке жеткен. Дәл қазір олардың қандай аурумен ауыратынын және оған не себеп болып отырғанын медицина анықтай алмай отыр.
Қамшы-ақпарат
Оставить комментарий