Кемпір шалынан өзін өлтіруін өтінген

/uploads/thumbnail/20170710042536550_small.jpg

95 жастағы Денвер Бэддоуз өзінің 85 жастағы әйелі Оливияны балтамен шауып өлтірмек болған. Оливия аурухана немесе қарттар үйінде жан тапсырғысы келмегендіктен, күйеуінен өзін өлтіруін өтінген. Сондықтан сот ер адамды ақтап шықты.

Денвер Бэддоуз бен Оливия Бэддоуз 65 жыл бойы бақытты ғұмыр кешкен. Денвер есімді ұлдары да бар. Тоғыз ай бұрын Оливия Бэддоуз жол апатына ұшыраған. Жол апатының салдарынан басына қатты зақым тиеді. Артынша күйзеліске түсіп, өмір сүргісі келмеген. Өз күйеуінен өзін өлтіруін өтініп, көмек сұрағаны мәлім болып отыр. Батсапқыда Денвер Бэддоуз табақпен ұрып, артынша балтамен соққыға жыққан.

Денвер есімді ұлдары үйіне келген сәтте қан жоса болып жатқан анасын көрген. Әкесінің бәрін бүлдірдім деп жылап отырғанын айтты.

«Ол әлемдегі ең әдемі әйел. Мен бәрін бүлдірдім. Мен тіпті ол үшін қылмыскер атануға да дайынмын, бірақ мен олай істей алмадым. Ол өмір сүргісі келмеді. Мен оны қатты жақсы көремін», деп жан сырын ақтарды  Денвер Беддоуз.

Сот қызметкерлерінің айтуы бойынша, Оливия қазір емдеу орталығында. Болған жағдайдан кейін Оливияның өз үйіне жіберілмейтіні анық. Ал өз әйеліне қастандық жасауға бармаған Денвер өз үйіне қайтарылды. Бүгінде жасы келген әкесіне  ұлы қамқорлық жасауда. Баласының айтуына қарағанда, әкесі анасын қатты сағынып, күн өткен сайын жағдайы нашарлауда.

 

Аударған : Айгерім ТАУБАЙ

 

Связанные Статьи