Адамы бұзылған бүгінгі қоғамда құс екеш құс та оғаш мінез-құлық таныта бастады

/uploads/thumbnail/20170710042852381_small.jpg

Фейсбукте Англияның тұрғыны ерекше жазба жариялады деп хабарлайды  Қамшы ақпараттық агенттігі. «Spotted Newton Abott» аккаунтымен отыратын азамат тіс протезін ұрлап әкеткен шағаланың фотосын жариялап, тіс протезінің иесін іздейтінін жазған. Мынандай ерекше хабарламаны оқып, еріксіз күлесің. Күлкі жағдай болып көрінгенімен, Англияның Девоншир қаласында шағалалардың адамдарға шабуыл жасауы жиілеп кеткен. Бұл жергілікті халықтың бас ауруы.

Хабарламаны жазған азамат шағала ұрлап әкеткен тіс протезінің иесіне іздеу жариялауда. «Кімде-кім өзінің тіс протезін таныса, Торки жағалайындағы отырғышқа түс кезінде келсін» деп аяқтайды жазбасын.

Осыдан бірнеше ай бұрын Ресейде біреудің паспортын ұрлап кеткен қарға ғаламторды дүрліктірген болатын. Қарғаның кесірін шетелдік азамат жолынан қалады. Қысқасы, адамы бұзылған бүгінгі қоғамда құс екеш құс та дөрекілік, оғаш мінез-құлық таныта бастады.

 

Связанные Статьи