Қытайда тағы екі ұйғыр жасы дарға асылмақ

/uploads/thumbnail/20170708154554185_small.jpg

Қытайдың ұйғырларға бағытталған ауыр жазалау саясаты жалғасуда. Бұл туралы Түріктің ТРТ-қазақ арнасы хабарлады.

Ұйғыр Автономиялық аймағының Қашқар қаласы соты Имам Жұма Тахирдің өлтірілуімен байланысты 2 ұйғырға өлім жазасын, 1 ұйғырға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кескен. Қытай соты ұзақ уақыттан бері дағдарыстар жалғасқан Ұйғыр Автономиялық Аймағында террор және бөлшектенушілікпен айыптаған кісілерге ауыр жазалар беріп келеді. Қашқар соты 2 ұйғыр жасқа «террор ұйымы құру және қастандық жасау» айыптарын тағып отыр.

Қытай соты қыркүйек айының басында ғана 3 ұйғырға қанды Кунминг шабуылдарына қатысты деген айып тағып, дарға асу жазасын берген болатын. Өткен аптада ұлты ұйғыр ғалым  Илхам Тохтыны өмір бойы бас бостандығынан айыруы батыстық саясаткерлердің наразылығын тудырған еді. Ресми дерек бойынша Шыңжаң өлкесінде  1,5 жылда қақтығыстар салдарынан 400-ге жуық адам қаза тапқан.

Қамшы-ақпарат

Оставить комментарий

Связанные Статьи