Ресей билігі Украинаның шығысындағы орыстілді тұрғындарға қатысты "геноцид жасалуына" байланысты қылмыстық тергеу бастаған. Бұл туралы «Азаттық радиосы» жазды.
Ресей федералдық тергеу комитетінің мәлімдеуінше, Киевтегі азаматтық және әскери билік Донецк және Луганск облыстарындағы орыстілді азаматтарды "толықтай жоюға бағытталған бұйрықтар беріпті". Құжатта қырғынды украин әскері "шабуылдаушы қару-жарақтың ауыр түрімен, оның ішінде "Град" дүркіндете ататын реактивті кешенінің көмегімен жасағаны" айтылған.
Мәскеу наурыз айында Украинадан Қырым түбегін аннекциялап алған еді және бұл әрекетін аймақтағы этникалық орыстарды қорғау қажеттігінен туындады деп түсіндірген болатын. Бірақ Украина мен батыс елдері орыстілді тұрғындардың қудалануы туралы мәлімдемелерді жоққа шығарады, сарапшылардың пікірінше Мәскеудің кезекті Украинадағы орыстілділерге «жанашырлығы» тағы бір экспансияға сылтау болуы мүмкін.
Қамшы-ақпарат
Оставить комментарий