Биыл Қазақстанда Құрбан айтқа демалыс берілмейді

/uploads/thumbnail/20170708154552004_small.jpg

Биыл мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі 4 қазанға тура келіп тұр. Nur.kz-тің жазуынша, мейрам аптаның сенбісіне түскендіктен, арнайы демалыс берілмейді. Яғни, мерекелік демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылмайды.

kurban-ait

Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні діни мереке ретінде демалыс болып бекітілген. Алайда, ол онсыз да апта соңына сәйкес келгендіктен, демалыс келесі аптаның дүйсенбісіне жылжытылмайды екен. Өйткені, Құрбан айт - мемлекеттік немесе ұлттық мереке статусына ие емес.

Қамшы-ақпарат

Оставить комментарий

Связанные Статьи