Судан түзілген жаңа ғаламшар табылды

/uploads/thumbnail/20170708154550569_small.jpg

АҚШ, Швейцария, Ұлыбритания және Чили астрономдары «сенсациялық» жаңалық ашты. Bnews.kz-тің жазуынша, Ғалымдар толығымен дерлік судан және белгісіз қатты заттан тұратын аспан денесін анықтаған. Сонымен бірге жаңа анықталған аспан денесі будан тұратын атмосферамен «қоршалған».

Жаңадан ашылған ғаламшарды астрономдар «Су әлемі» деп атауды жөн көріпті. Ғаламшар мен Жер шарының ара қашықтығы  124 жарық жылы. Біздің планетамыздан екі есеге үлкен екені анықталған ғаламшардың салмағы керісінше жеті есеге аз болып шықты.

Ғалымдар аспан денесін мұқият бақылап, оны барынша зерттеуді көздеуде. Жақында астрономдар ғаламшарда байқалған ерекше құбылысқа куә болды. Температура жоғары болған кезде ондағы су құрылымын өзгертіп, ыстық мұзға айналады екен. 

Қамшы-ақпарат

Оставить комментарий

Связанные Статьи