Қыздардың құлағына алтын сырға... Димашқа мынандай қыздар ұнайды

/uploads/thumbnail/20170710042947741_small.jpeg

Қазақ елінің абыройын асқақтатқан Димаш Құдайбергенов бүгінде халықаралық дәрежедегі әнші атанып, әлемге танымал тұлғаға айналды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Осы күнде Димаш қыздардың жүрегінен орын алып, біршама арулардың арманына айналғаны рас. Алайда кез келген ер адамның қыз балаға қатысты өзіндік талаптары, ішкі қалаулары бар. Ал Димаш өзіне ұнайтын ару жайында Fans Fans Nan You бағдарламасында берген сұхбатында айтып өтті.

"Қыздардың бәрі жақсы. Әркімнің өз қалауы болады. Өз басым нәзік, биязы, иманжүзді, салмақты, ер азаматын, ер азаматының ата-анасын өте сыйлайтын, ақжарқын мінезді, кең пейілді, нәзік жүректі қыздарды ұнатамын. Солай болуы керек деп ойлаймын. Өйткені ошақ басын ұстап тұратын бір адам емес, сол себепті ер азаматтың мерейін үстем қылып отыратын да әйел адам екенін білесіздер. "Қандай қызды ұнатасың?" деген бір сұраққа жауап бергенде "Менің анам сияқты қыздарды ұнатамын" дер едім. Менің анамның мінезі қандай, дәл сондай мінезді, дәл сондай жан, дәл сондай перизат табылса, менің көңілімдегі қыз – сол болмақ", – дейді әнші.

Связанные Статьи