КӨЗІҢІЗДІ НЕШЕГЕ БАҒАЛАЙСЫЗ? АДАМ МҮШЕЛЕРІН САТАТЫН САУДАГЕРМЕН СҰХБАТ

/uploads/thumbnail/20170710042955476_small.jpg

Абу Джаафар маған өмірде қалай табыс табатынын мақтанышпен айтты.

Ол шарап шығаратын заводта жұмыс істеді. Сосын адам тәнін саудалайтын адамдармен кездесті. Осыдан бастап оның қызметі ашынғаннан өз дене мүшелерін сатуға дайын адамдарды табу және Сирия мен Ливаннан ағылған босқындар оған үлкен мүмкіндік тудырды.

«Иә, мен адамдарды пайдаланамын», -дейді ол сол кездегі туған Сириясындағы адамдардың оңай өліп кететінін еске ала отырып. Оның айтуы бойынша, дене мүшесін сату олардың өткерген сұмдықтарының қасында түк емес.


Ол: «Мен оларды пайдаланамын, олар болса осыдан пайда табады», - дейді.

Оның кеңсесі Бейруттың оңтүстігіндегі халық тығыз орналасқан ауданның тозығы жеткен ғимаратында. Бөлмеде тот басқан ескі жиһаздармен бірге, әрбір бұрышта  бұйра тотықұстар бар торлар орналасқан. Оның айтуына қарағанда, соңғы 3жылда ол , бұл жерде 30 босқынның дене мүшесін сатуды ұйымдастырыпты.

«Әдетте бүйректі көп сұрайды,  алайда мен басқа дене мүшелерінде таба аламын»,-дейді Джаафар.

«Бір кездері менен көз сұрағандар болған , және мен өз көздерін сатуға дайын клиентті таптым. - Бірінші көзді суретке түсіріп алып оны whatsaap арқылы сатып алушығы жіберіп растаттым,сосын оны жеткізіп бердім ».

Ол жұмыс істейтін жіңішке шағын көшелер босқындарға толы. Шамамен Ливандағы әрбір төртінші адам көрші Сириядан қашып келгендер.

Олардың көбісі Ливан заңы бойынша жұмыс істей алмайды. Көптеген жанұялар соңғы деммен зорға өмір сүреді.

Олардың  ең жанкештілері Сирияда босқын болып есептелген  палестиналықтар. Сол себептіде БҰҰ-ның босқындармен айналысатын агенттігі  оларды Ливанда заңды түрде тіркей алмаған.Және оларға лық толы лагерлерде тұрумен бірге  өте төмен деңгейдегі гуманитарлық көмек қана көрсетіледі.

Сириядан 2015 жылдың мамырынан бері келгендермен ливан билігінің БҰҰ-нан босқындарды тіркетпеуге берілген өтініші олардың жағдайын қатты ауырлатты.

«Босқын дәрежесін алмағандарға бұл жерде өте қиын, олар шарасыз. Өздерінің  дене мүшелерін сатудан басқа амалдары жоқ . Олар бәрінен безіп кеткендер», -дейді Абу Джаафар. Кейбір босқындар негізінен балалар, олар көшеде қайыр тілейді. Кішкентай ер балалар аяқ киім тазалайды, кейбіреулері кептелістегі көліктердің арасымен майлық, сағыз сатумен айналысады немесе бала еңбегін пайдаланудың құрбаны болады. Ал басқалары жезөкшелікке салынады.

Бірақ дене мүшесін сату бірден көп ақша табудың жалғыз жолы дейді.

Абу Джаафар дене мүшесін сатқысы келетіндерді  таба салысымен, белгілінген күні оларды көздерін байлап құпия орынға апарады.

Кейде дәрігерлер алдын ала донорларға базалық қан сараптамасын жасау үшін, отаны уақытша салынған жылжымалы клиникаларда жасайды.

Ол: «Ота біте салысымен, мен оларды қайта үйлеріне жеткіземін», - дейді.

«Мен оларға бір апта бойы жібі алынғанша қарайласамын, жібі алынған соң біздің оларда шаруамыз жоқ,-деп жалғастырады Джаафар. - Олар өле ме, жоқ па, маған негізі бәрі бір. Қалағанымды алдым.Олар әрі қарай не істейді онда менің шаруам жоқ, ең бастысы клиент өз ақшасын алса болды.

Оның  ең  соңғы  клиенті әкесімен ағасының өлімінен кейін Сириядан босып келген 17 жасар  бала.

Ол бала Ливанда 3 жылдан бері тұрады. Жиналған қарызбен жұмыстың жоқтығынан анасымен отбасындағы 5 әпкелі-сіңлілі бауырларын асырауға мүмкіндігі болмады.

Сол үшінде Абу Джаафардың көмегіне жүгініп оң жақ бүйрегін 8000 долларға  сатуға келісті.

Отадан  кейін  екі  күн  өткен соң,  қабылдаған дәрілеріне қарамастан оған қатты ауыр болды. Ол тозығы жеткен диванда біресе отырумен, біресе тұрумен болды. Оның жүзі азаптан шыққан терден жарқырап тұрды. Ал таңылған жерінен қан ақты.

Абу Джаафар соңғы ісінде неше алғанын айтудан бас тартты.Оның айтуы бойынша, сатып алушылардың дене мүшелерді одан әрі қарай не істейтінін білмейтін көрінеді. Мүмкін шетелге әкетеді деп ойлайтынын айтты.

Таяу шығыстағы дәстүрлі және діни қатынастардың әсерінен трансплантация үшін донорлыққа дене мүшелер жетіспейді, және көп отбасылар өлгендерді бірден жерлеуді жөн көреді дейді ол.

Бірақ Абу Джафаар Ливанда өзі сияқты кем дегенде 7 адам барын растайды.

Ол өз сөзінде: «Бизнес дамуда, және дамылсыз өсуде. Сириядағы миграциялық толқыныстан кейін, Ливанда сұраныс артты»,-деп ағынан жарылды.

Ол өзінің заң бұзып жүргенін білетін көрінеді, алайда биліктен қорықпаймын дейді. Оның ұялы телефонының нөмірі үйінің маңындағы қабырғада балонды сырмен жазылған.

Оны өз ауданында бәрі сыйлайтын және қорқатын көрінеді. Онымен бәстесуге немесе қалжыңдасуға ешкімнін жүрегі дауаламайды екен.

Біз онымен сөйлескен кезде оның бүйірінде тапанша болды.

«Мен немен айналысып жүргенімді білем заңсыз, бірақ адамдарға көмектесіп жүрмін»,-дейді ол.

Джаафар : «Мен былай ойлаймын.Клиент бұл ақшаларды өзі және отбасы үшін жақсы өмір сүруге жұмсайды.Ол адам көлік сатып алып, такси жүргізушісі бола алады.Тіпті басқа қалаға кете алады», - дейді.

Оның айтуы бойынша заң оның қапталынан келмейтін көрінеді.Дәл осы заң- адамдарды кедей қылып, оларды жұмыс пен көмектен шектейді дейді.

«Мен ешкімді ота жасатуға мәжбүрлемеймін, тек өтініштері бойынша көмек көрсетемін»,-деді ол.

Ол шылымын тұтатып тұрып, сәл қасын тікірейтіп: «Көзіңізді нешеге бағалайсыз деп сұрады».

 

Абу Джаафар,бұл - оның бүркеншік аты.Ол би-би-си-ге анонимді түрде сұхбат беруге келіскен.

Аударған:Арафат Дербесұлы

 

Связанные Статьи