Қазақстандық әнші көзі тірісінде 2014 жылы бастаған жобасын аяқтай алмаған.
Батырхан Шүкеновтің достары мен әріптестері әншінің «Не исцелит любовь» атты аяқталмай қалған жобасына бейнеклип түсірді. Бұл жайында әннің авторы Юлия Тен өз блогында жазды.
Әннің премьерасы Алматыда жабық көрсетілімде өтті. Юлияның айтуынша, клип телеарналарда 28 сәуірден бастап көрсетіледі.
Премьера өткен уақыт әншінің 55 жылдығына арналды.
Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов 2015 жылы 28 сәуірде 53 жасында көз жұмды.