Серік Қалиевтің шығармашылық кеші өтті (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710043108211_small.jpeg

Айтыскер  ақын, сазгер Серік Қалиевтің "Жасынның Оты Жанымда" атты шығармашылық кеші өтті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Серік Қалиевтің алғашқы, ауқымды шығармашылық кеші "Алатау" дәстүрлі өнер театрында өтті. Әуезді ән, ғибратты терме-толғаулар айтылып, ой салар өлеңдер оқылды. Серік Қалиевтің ақын шәкірттері әзіл айтыс жасап жұртты желпіндірді. Зор дайындықпен, мол рухани мұраларды топтап еліне есеп берген шын мағыналы кеш болды. Талғампаз талантқа тәнті болған тыңдарман кешке көп жиналды. Сыймай  қалғандары да болды.

Кеш соңында атқа мінер ағалары ат мінгізіп, шапан жапты. Кеш төрт сағатқа созылды. Шынайы өнерге сусаған жұрт кештен рухани ләззат алғанын байқауға болады. 

, ,

Связанные Статьи