Үш биді аяққа таптаған «қытай» халықтың наразылығын тудырды

/uploads/thumbnail/20170710043035976_small.jpg

Facebook әлеуметтік желісінде халықтың ызасын тудырған фото жарияланды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Онда белгісіз ер адам Үш бидің ескерткішіне шығып, аяғымен билерді басып тұрғанын көруге болады. Ғаламторға таралған бұл фото халықтың наразылығын тудырды. Халық оны тауып, жазаға тарту керектігін айтады. Кейбір Facebook қолданушылары фотодағы ер адамның қытай екенін айтады. 

Астанада жақында өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне 5 миллионға жуық турист келеді деп күтілуде. Пікір білдірушілердің арасында осындай мәдениетсіз адамдардың мұндай қылығына жол бермеу керек дегендері де бар. 

Әзірше фотодағы адамның кім екені анықталмады. 

 

Связанные Статьи