Ресейге Медведев қайтадан президент болуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170710044218612_small.jpg

Ресей Федерациясының премьер - министрі Дмитрий Медведевтің  сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ел арасында наразылықтар туындаған. Наразылық  салдарынан Медведев өзінің  биліктегі орнынан айырылып қалуы мүмкін деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Bloomberg агенттігінің мәліметіне сүйеніп. .

Ресей БАҚ өкілдерінің айтуы бойынша, Премьер – министр өз болашағы үшін уайымдауда. Басқа да екі басылымның мәліметі бойынша, 2018 жылдың наурыз айында Ресейде Президент сайлауы өтеді . Ал сайлау жақындаған сайын премьер - министрдің  осалдық танытаныны мәлім дейді. Медведев сайлау нәтижесінің оң болуы үшін біршама шығын шығаруы мүмкін деген болжам бар.

Наурыз айындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қордың атқарған жұмысының нәтижесінде Медведевтің «құпия империясы» табылған болатын.  Соған байланысты  мемлекет ішінде жемқорлыққа қарсы митингтер орын алған. Халық арасында осы іске байланысты сауалнама жүргізілген. Сауалнама қорытындысы бойынша, Ресей халқының тең жартысы  премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етіп отыр.

Жемқорлыққа қарсы қордың мәліметі бойынша, Медведевтің бірнеше зәулім үйі мен яхтасы бар. Шарап шығаратын бірнеше зауыты да  жұмыс істейді. Ал осы зауыттардан түскен пайдадан премьер-министр қайырымдылық қорына 70 млрд. рубль бөлгені де анықталып отыр.

 

Аударған : Айгерім ТАУБАЙ

Связанные Статьи