Ресей Америка құрама штаттарымен оқушы ауысатын Future Leaders Exchange бағдарламасын екі жылға тоқтатты. Бұл туралы BBC жаңалықтары хабарлады.
«Біз Ресей билігінің осы бағдарламаны жапқан әрекетіне қатты өкініш білдіреміз. Бұл - 21 жылдың ішінде қол жеткізген екі ел халқының мығым байланысына түсірілген селкеу», - деп өз пікірін білдірген АҚШ-тың Мәскеудегі елшісі Джон Теффт. Оның сөзіне сай, FLEX бағдарламасы бойынша 8 мыңнан астам ресейлік жоғары сынып оқушылары АҚШ-та білім алған және Американың 50 штатындағы миллиондаған америкалықтармен танысып, Ресейден озық тұстарына куә болған.
Аталған бағдарламаға Украинаның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Грузияның, Молдаваның, Тәжікстанның, Түркіменстанның, Арменияның және Әзербайжан республикасының да оқушылары қатысады екен. Бағдарламаның артықшылығы жол ақы, тұрмыс қаражатты қамтыған оқу шығындары түгелдей АҚШ тарапынан төленеді.
Ресей білім министрлігі бұл бағдарламаның жабылуын АҚШ-қа оқуға кеткен оқушылардан біреуі елге қайтпай, сонда қалып қоюымен түсіндірген.
Қамшы-ақпарат
Оставить комментарий