АҚШ әскері Ауғанстанда әлі 2 жыл болады

/uploads/thumbnail/20170708154628155_small.jpg

Құрама Штаттар мен Ауғанстан қауіпсіздік жөніндегі екі жақты келісімге қол қойды.

Құжат жаңа сайланған президент Ашраф Ғаниді ұлықтау рәсімінен кейін бірден бекітілген. Бұл туралы Астана арнасы хабарлаған. Келісімге сәйкес 2014 жылдан соң Ауғанстан аумағында америкалық 10 мыңға жуық әскери қалуы тиіс. Ал екі жылдан соң америкалық жауынгер елден түгел кетеді деп жоспарланған.

"Екіжақты қауіпсіздік келісімі АҚШ-қа Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік күштерін дайындауға, кеңес беруге заңнамалық негіз береді. Бұл өз кезегінде террористердің Ауғанстанды пайдаланып, АҚШ пен оның одақтастарына шабуыл жасауының алдын алуға көмектеседі", - АҚШ президентінің аға кеңесшісі Джон Подеста.

Қамшы-ақпарат

Оставить комментарий

Связанные Статьи