Ресей халқы мемлекет басшысы Владимир Путинге қарсы «Надоел» атты наразылық акциясын өткізді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап. Белсенді халық Владимир Путиннің 2018 жылғы сайлауға қатысудан бас тартқанын қалайды. Бұған қарсы шыққандардың қатарында қартаң адамдар мен жастар, жергілікті БАҚ өкілдері де бар.
Сол белсенділердің бірі 82 жастағы Тамара Михаилқызы. Ол орыс тілі мен орыс әдебиеті пәні бойынша мұғалім болып қызмет атқарған. Оның айтуы бойынша, Путиннің кесірінен бүкіл әлем Ресей Федерациясын жек көреді екен Сонымен бірге Тамара бұрынырақта Путинге жақтасқандығын да жасырмады. Бірақ бірнеше жылдан кейін Путиннің саяси қателіктері мен халықтың тұрмыс жағдайын байқап Путинді жек көріп кеткен.
«Мен Путинге өтірік айтуды, ұрлауды, соғысуды тоқтат деп хат жаздым. Путин барлық соғысты бастаушы, халықты қанаушы»,- деп сұхбат берді Тамара Михаилқызы
Оставить комментарий