Американың президенті Дональд Трамптың ұлы әкесінің Сирияға жасаған әуе соққысы мен ДАИШ-қа қарсы соғысын басты жетістік деп есептейді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі news.rambler.ru-ға сілтеме жасай отырып.
«Бас қолбасшы ретінде менің әкем Сирияның президенті Башар Асадқа қарсы әуе соққысын жасады. Америка ДАИШ-қа барлық жерде, кез-келген уақытта қарсы тұра алады. Сонымен бірге АҚШ Солтүстік Кореяға байланысты мәселені де қарастырып жатыр»,- деп сұхбат берді Трамптың ұлы.
Сонымен бірге Трамптың ұлы әкесінің жауларына америкалық шешімнің қандай болатынын көрсетіп, ескерту жасағандығын да айтып өтті.
Оставить комментарий