Қарағандылық көрермен «Казлото» бағдарламасынан жеңіп алған 2 млн. теңгесін ала алмай жүр

/uploads/thumbnail/20170710044753208_small.JPG

Қарағанды қаласының тұрғыны Надежда Чулкова «Казлото» бағдарламасынан жеңіп алған ақшасын 2016 жылдан бері ала алмай жүр деп хабарлайды Қамшы ақпаратты агенттігі http://ekaraganda.kz сілтеме жасай отырып.

Бұл бағдарлама «Еуразия бірінші арнасында» 2016 жылы 6 наурызда өткен. Ұтысқа 2 333 333 теңге тігілген. Қарағандылық тұрғын өзінің жеңісіне қуанғанымен ол қуанышы ұзаққа бармады.  Уәделескен ақшаның тек 500 мың теңгесін ғана алған. Алғашында оған билетті тексерістен өткізу керек, содан соң ғана ақшаңызды береміз деген. Бірақ ұтыс толық берілмеген.

Қазір Надежда Чулкова құқық қорғау орындарына барып, алаяқтыққа байланысты арыз жазып, өтемақы төлеулерін талап етіп отыр. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи