Энтони Джошуа: Мен 90 мың көрерменнің тағы да ұлы жекпе-жекті көргенін қалаймын

/uploads/thumbnail/20170710044759333_small.jpg

Британдық боксер Энтони Джошуа Тайсон Фьюриді жекпе-жекке шақырды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасай отырып.

Энтони Джошуа Владимир Кличконы жеңгеннен кейін: «Тайсон Фьюри көп сөйлейді және боксқа қайта келгісі келеді. Мен 90 мың көрерменнің тағы да ұлы жекпе-жекті көргенін қалаймын»,- деп сұхбат берді.

Тайсон Фьюри бұл ұсынысқа келісті. «Біз 500  жылдың ішіндегі ең ірі жекпе-жекті көрсететін боламыз. Мен сенімен ойнаймын. Сенімен жекпе-жекке шығу боксерлер үшін арман»,- деп өзінің Twitter парақшасына жазды.

Еске сала кететін болсақ, Джошуа Кличконы техникалық нокаутпен 11-раундта жеңген болатын.

Ал Тайсон Фьюри 2015 жылы Кличко төрешілердің шешімі бойынша жеңген еді. Бірақ бірнеше айдан соң ұтысынан бас тартып, есірткіге тәуелділігіне байланысты ем қабылдауды бастады.

27 жастағы Джошуа 19 жекпе-жек өткізіп барлығын нокаутпен жеңсе,  28 жастағы Фьюри 25 жекпе-жек өткізіп 18 нокаутпен барлығында жеңіске жеткен болатын. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи