ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Раудың мәлімдеуінше, келесі жылдан бастап отандық көлік өнеркәсібінде темір тұлпардың жаңа моделі пайда болмақ. Бұл туралы Baq.kz жазды.
Вице-министрдің сөзінше бұл модель әлемдік көлік өндірушілерінің бірімен бірлесіп шығарылады. Бұл туралы келісімге 9-10 қазанда Астанада өтетін II Көлік жасаушылар форумында қол қойылады. Басқосуға отандық және шетелдік 17 елден келген 700 маман қатыспақ. Онда көлік құрастыру саласындағы ең өзекті мәселелер талқыланады. Олардың ішінде еліміздің кәсіпорындарына инвестиция құю, көлік экспорты сынды түйткілді мәселелер қозғалады. Биыл Қазақстанда шығарылған көлік көлемі 1 триллион теңгені құраған.
Қамшы-ақпарат
Оставить комментарий