Демократиялық партия атынан президенттік сайлауға түскен АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы әрі мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон сайлау алдындағы сөздерін жүзеге асырады деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Хиллари Клинтон сайлау науқаны кезінде көтерген бастамаларын қолдау мақсатында жаңа саяси ұйым құрды.
Twitter-дегі парақшасында: «Onward Together(Бірлікте алға) ұйымын адамдардың жігерленіп, саяси үрдістерге қатысуына жағдай жасау мақсатында, сондай-ақ өз әрекеттерін үйлестіріп, тіпті сайлауда өз үміткерлігін ұсынулары үшін іске қосып жатырмыз», - деп жазды Клинтон. Оның жаңа ұйымының аты сайлау алды үгітінде қолданған Stronger Together(Бірлікпен тіпті де қуатты) ұранына ұқсайды. Жаңа ұйымды құру дегеніміз «Клинтонның ресми түрде саясатқа оралуын» білдіреді.
We're launching Onward Together to encourage people to get involved, organize, and even run for office. https://t.co/8exooosvZ5
— Hillary Clinton (@HillaryClinton) May 15, 2017
Onward Together ресми сайтында оның мақсаты - сайлауда Клинтонға дауыс беріп, қолдау көрсеткен 66 млн адамның идеясын алға тарту, сондай-ақ жалпы «үдемелі құндылықтарды» қолдау екендігі жазылған.
Айта кететін болсақ, 3 мамырда Клинтон CNN телеарнасына берген сұхбатында өзінің сайлауда жеңілуіне ресейлік хакерлерді кінәлаған еді.