Жоғалып кеткен алматылық қыздың отбасы оны іздемеуді сұрап отыр

/uploads/thumbnail/20170710075732960_small.jpg

Алматылық студент қыздың жоғалып кеткені туралы хабарландыру алғаш қаңтар айында шыққан деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі sputniknews.kz-ке сілтеме жасап. 

 Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының студенті Меруерт Ғабитованың жоғалып кеткені туралы хабарландыру қайта жарық көрді. Қыздың туған-туыстарының сөзіне сүйенсек, ол үйінде екен, сол себепті бұл ақпаратты таратудың қажеті жоқ. Қарағанды облысында жоғалып кеткен апалы-сіңлілі аман-есен табылды.

Бұл жолы қыздың Астана қаласында жоғалып кеткені хабарланған. Ал басқа деректер, оның ішінде студенттің ағасының телефон нөмірі қаңтарда жарияланған хабарландырудан алыныпты.

"Біз Меруертті қаңтар айында іздегенбіз, ол үшінші немесе төртінші күні табылды, қазір аман-есен қолымызда. Соған қарамастан соңғы апта бойы телефоным қоңыраудан босамады. Бұл ақпаратты кім таратқанын білмеймін. Бұл жайтқа немқұрайлы қарамаған барлық жанға рахметімді айтқым келеді. Бізде бәрі жақсы, еш алаңдамаңыздар", — дейді қыздың ағасы. 

 

Связанные Статьи