16 мамыр күні болған оқиғалардан кейін кішкентай Кристина ауруханада туған анасымен кездесті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі aktobetimes.kz басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті тілші бірнеше күн бұрын Құрайлы ауылында орын алған жантүршігерлік оқиғаға қатысты жаңа деректерді тапты.
«Наталья қиын күндерді басынан өткеріп жатқан. Бірнеше уақыт бойы тұратын жер таппай, достары мен таныстарының үйін кезек-кезек паналап жүрді. Менің де үйімде тұрды. Жағдай тіпті қиындап кеткеннен соң Наташа ұлын кіндік шешесіне қалдырып, кішкентай қызын балалар үйіне алып барған. Ол уақытта оның әкесі туберкулез ауруына шалдығып, ауруханада жатқан болатын», - дейді Кристинаның анасының құрбысы.
Бір жарым жылдай сонда емделіп, кейіннен ауруханадан шыққаннан соң қызын балалар үйінен алып кетпек болған. Наталья мен Владимирді Саздинск ауданындағы полиция бөлімшесіне алып келген. Құрбысының айтуынша, Кристина әкесімен бірге тұруы үшін анасына баладан бас тарту жайында өтініш жазып беруін ұсынған. Кейіннен Натальяның жағдайы дұрыста бастағанда кішкентай қыздың өгей шешесі мен әкесі анасымен тіпті телефон арқылы да байланысқа шығармай, қызына келіп тұруына тыйым салған екен.
16 мамыр күні қызының ауыр соққыға жығылғанын естігеннен кейін Наталья оны көруге ауруханаға келеді.
«Мені сен бе тастап кеткен?» - деген Кристинаның сұрағына анасы: «Мен сені тастаған жоқпын, туған әкеңнің қолына тапсырдым» - деп жауап берген. Кішкентай қыз туған анасын мүлде танымайды. Белгілі болғандай, анасы мен қызы соңғы рет Кристина үш жасында болғанда жүздескен екен.
Аударған: Назерке Лабихан